22 қазанға арналған валюта бағамы.
Доллардың бағасы күрт қымбаттады
Фото: Caravan.kz
9,939
оқылды

Қор биржасында (KASE) доллар бағасы күрт қымбаттады, Ц деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы бірден 2,44 теңгеге көтеріліп, 484,19 теңге болды.

Валюта айырбастау пункттерінде доллар 485,7-488,7 теңгеден, ал еуро 525-529 теңгеден сатылып жатыр.

Ресей рублінің бағасы 4,97-5,09 теңге аралығында құбылып тұр.

Юаньнің орташа сараланған құны төмендеп, 67,70 теңге (-0,11) болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.