Сондай-ақ халықтың жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар анықталды.
Теміртауда науқастарға мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер берілген
465
оқылды

Теміртау қаласының прокуратурасы медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қаржыландыруда заң бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Теміртау қаласының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы үш жылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын тексерді.

– Тексеру барысында дәрі-дәрмек тағайындаудың белгіленген нормаларынан асып кету, емделушіні қабылдауды тіркеусіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді беру, сондай-ақ халықтың жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, «Жеке тұлғаларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту Қағидаларын» бұза отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды тіркеудің 76 фактісі анықталды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін емханалардың 20-дан астам қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде 2-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген облыстық прокуратураның ақпаратында.

Сонымен қатар, прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Филиалы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар үшін республикалық бюджетке 16 миллион теңгеден астам қаражатты қайтару шараларын қабылдады.