Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың ішінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да бар.
Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдері "Парасат" орденімен марапатталды
Фото: gov.kz
3,274
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың ішінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бір топ белгілі ғалым, мәдениет, білім саласының қайраткерлері және өндіріс өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер «Парасат» орденінің иегері атанды. Олардың қатарында Алматы қаласы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы З.Аманжолова, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Арғымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры О.Байділда, «Қазақстан авторлар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры Б.Есенәлиев, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Х.Қалиламбекова, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері К.Кемалов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас директоры К.Матыжанов, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, «Мағжан» әдеби-көркем журналының бас редакторы Ж.Сүлейменов, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Д.Темірсұлтанова бар", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.