Мемлекет басшысы Егемендік декларациясы – тәуекел мен дипломатия­ның, ақыл мен сабырдың жемісі екенін айтты.
Өркендей бер, Республикам менің!
1,048
оқылды

«Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қоғам мен мемлекет игілігі үшін жұ­мыс істейтін «AMANAT» партиясы өзінің саяси тұғырнамасының өзегі ретінде мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәр­сеге айырбасталмайтын ұлы құндылық деп айқындады. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және партия­мыздың Төрағасы  Республика күнін қай­тарудың елдегі ауқымды саяси өзгер­істермен тұспа-тұс келуінің символ­дық мәні зор екенін атап өтіп, жаңғырған мере­кеміз ұлттық идео­логиямыздың темірқазығы боларына сенім білдірді.  

Ортақ құндылықтарды дамуы­мыздың бағдары етіп белгілеп, ұлттық және мем­лекеттік мүдде аясына өңір жұртшы­лығын жұмылдыруда, арман-тілегі және болашағы бір қоғам қалып­тастыруда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиа­лы өз мақсат-міндеті шеңберінде 83 мыңнан астам азаматты біріктіріп отыр. Аудан, қалаларда 17 партия филиалы қызмет атқарып, 242 бастауыш партия ұйым­дары облысы­мыздағы белсенді қызмет атқара­тын қоғамдық-саяси құрыл­ымдар болып түзіліп отыр.

Партияластарымыз сайлау­алды бағ­дар­ламамызда қамтылған, сайлау­шылары­мыздың сұраныстарымен айқындалған міндеттердің орындалуын үйлестіріп, Түркістан облысының орнықты дамуына үлестерін қосуда. Пар­тияның ұйытқы болуы­мен атқарушы және өкілді мемлекет­тік билік тармақ­тарының облыс тұрғын­дарымен үйле­сімді әрекеттестігі қамта­масыз етіліп, ауыл-аймақтардағы қор­да­лан­ған әлеу­меттік мәселелер шешімдерін тауып келеді.

Партия филиалының алаңы халықтың үніне құлақ асатын, сайлаушылардың талап­тарын бұлжытпай іске асыратын өз­ара тиімді мінберге айналды. Партияның облыстық саяси кеңес бюросында, облыс, аудан, қала мәслихаттарындағы партиялық фракция отырыстарында, партия филиалы жанындағы түрлі салалық бағыттар бо­йын­ша жұмыс жүргізетін кеңес мәжіліс­терінде облысымыздың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер талқыланып, қоғам дамуы үшін маңызды шешімдер ұсынатын саяси ұйым болып бекіді.

Тұрғындардың сеніміне ие болған партия филиалы қоғамдастықпен кері байланыс орнатуды, әлеумет көтеріп жат­қан мәселелердің оңтайлы шешім табуына ұйытқы болуды стратегиялық басымдық ретінде айқындайды. Түркістан облысындағы «аманаттық» өкілдер жыл басынан бері 14 мыңнан астам азаматтың талап-тілектерін тыңдап, олар бойынша дер кезінде нәтижелі шаралар қабыл­дануы­на жәрдемші болды. Партиямызға үміт артып келген 8 690 азаматтың  өтін­іш­тері қарастырылып, оң шешімдерін тапты. Мемлекет басшысы айтқан «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағи­датты осы тәртіпте мықтап орнық­тыруға кірістік.

Шалғай елді мекен тұрғындары үшін көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізу үрдісін енгізіп, партияның Түркістан облыс­тық филиалының ұйытқы болуымен облыстық деңгейдегі  50-ден астам мем­лекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар 8 ауданның 10 шалғай елді мекендерінде қоғамдық қабылдау жиын­дарын өткізіп, бұл бас­қосуларымызда 86 ауылдың мәселелері қаралды.

Халқымыздың ауызбіршілігі жуырда АЭС салу бойынша өткен жалпыхалықтық референдумда айқын көрініс тапты. Түр­кістан облысында Халықтық штаб өкілдері 700-ден астам кездесулер өткізіп, рефор­малар арқылы елге жанашыр шынайы азаматтық қоғам тіктеліп жатқанын паш етті. Азаматтарға таңдау еркінің берілуі  – Тәуелсіз еліміздің демо­кратиялық прин­цип­терге ден қойған, өзінің саяси-әлеумет­тік жүйесі берік орныққан ел екенімізді көр­сетіп, жаңа саяси мәдениетті қалып­тастырудың басты алғышарты болды. 

Мемлекет басшысы жария етіп, табан­ды түрде іске асырып жатқан түбегейлі саяси реформалардың нәтижелі жүзеге асуын қамтуда «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларын іске асыруда Түркістан облысы жемісті нәтижелер көрсетіп келеді. Сондай-ақ өңірімізде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Таза бейсенбі», «Ұлт­тық мұра» жоба­ларының игілігін оңтүстік жұртшылығы кеңінен сезініп келеді. 

Партияның өңірлік филиалының ұй­ым­­­дастыруымен облыстағы барлық дең­гейдегі мәслихаттар депутаттарының, Әйел­дер қанатының, бастауыш партия ұйымдарының, ауыл әкімдерінің форум­дары өткізіліп, мазмұнды диалог алаңдары түзілді. 

Облыс тұрғындарының 30 пайызға жуығы жастар өкілдері екенін ескере отыр­ып, олардың зияткерлік рухын шың­дау, бұқаралық спортқа баулуда «Кітап-AMANAT», «AMANAT-AQYLMAN», «Мәслихат-CUP», «Жайдарман» біре­гей бастамалары жүзеге асты. Түркіс­танның жастарды шоғырландыруға қосып жатқан үлесі ескеріліп, біздің облысымызда республикалық жастар саяси лагері ашыл­ып, оның жұмысына Мәжіліс Спикері, партиямыздың Төрағасы Ерлан Қошановтың өзі қатысты.

Бұл соңғы бір жылда біз атқарып жатқан сан қырлы жұмыстың бір бөлшегі ғана. Партияластарымыз, оның ішінде белсенді мүшелеріміз, депутаттар, партия қызметкерлері, бастауыш ұйымдар, партия жанындағы кеңес мүшелері, жастар бар­лық сала бойынша партияның ықпал арттыратын тетіктерді қалып­тастырып, тұтас мемлекеттің дамуына, қоғамның өзгеруіне еңбектерін сіңіріп, үлестерін қосуда. Саяси диалогтің қарқынды дамуы­нда өңірдегі барлық атқарушы және өкілді билік тармақ­тарымен, құқық қорғау орган­дарымен, мекемелер мен ұйымдармен ықпалдастық байла­нысымызды одан әрі арттырып, рес­публикамыздың одан  әрі өркендеуіне жағдай жасайтын боламыз.

Бүгінгі мерекеде барша қазақстандық отбасыларға амандық, бақ-береке тілеймін! Қуатты ел, көркейген мемлекет болуымызға қосып жатқан үлестеріңізге шынайы риза­шылығымызды білдіре отырып, қастерлі Атамекеніміз – Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы бейбіт ел ретінде өсіп-өркендей берсін деген тілегімді жеткіземін! 

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,

«AMANAT» партиясы Түркістан

облыстық филиалының төрағасы