Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі.
Енді тұрғын үй сертификаттарын онлайн алуға болады
1,011
оқылды

Енді қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын онлайн ала алады, - деп хабарлайды Aikyn.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:

  • өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;
  • орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;
  • 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.