Олар "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Бишімбаев ісіне қатысқан прокурорлар мемлекеттік марапатқа ие болды
851
оқылды

Республика күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиын өтіп, органның бірнеше қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Марапатталғандардың арасында экс министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымалдыққа ие болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те болды.

- Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президенттің жарлығымен Аймағанова Айжан мен Нұрбеков Саяхат "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды, – деп нақтылады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.