Танымал әнші Ақбота Керімбекова атақ алған әріптестерін сынады.
Неге бермейсіңдер, үкімет?! Ақбота Керімбекова мемлекеттен берілетін атақ туралы ойын айтты
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
660
оқылды

Өнер иесі осы күнге дейін мемлекеттік атақ алмағанын айтты, – деп жазады  Aikyn.kz.

“Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! “Ерен еңбегі үшін”, “Құрмет”, “Парасат”, “Даңқ”. Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен, өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?!  Үйдегілер кейде сұрап қалады: “Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?” деп: “Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бірде бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол” деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін “көре алмай отыр” демесе екен. Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ Тиктoгының легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер, үкімет?! Көре алмай жүрсіңдер ме?”, – деп жазды әнші.