Назым кітаптың екі тарауын жазып қойғанын айтты.
«Бірінші некем туралы болады»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі кітап жазып жатыр
3,094
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі болған Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол іnstagrаm парақшасында өз өмірі жайлы кітап бастап кеткенін жеткізді.

Кітап мен туралы, бірінші некем жайында. Қалай ажырасқаным туралы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар, – деп нақтылап кетті.

Сонымен қатар, Назым кітаптың екі тарауын жазып қойғанын айтты. 

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қайғылы оқиға былтыр қараша айында орын алды.