Бұл туралы «Қазавтожол» ресми мәлімдеді.
СҚО-да үш күнге көлік қозғалысы шектелді
673
оқылды

"2024 жылғы 25-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында шұңқыр жөндеу жұмыстарына байланысты М-51 "РФ шекарасы (Челябинскiге) – РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 525-530 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар 2024 жылғы 25 қазанда  Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауатыны ескертілді. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. 

"Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген компания хабарламасында. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.