Ақмола облысы Бұланды ауданында шөптің жануы сөндірілді.
Ақмола облысында 7,5 тонна шөп өртке оранды
ТЖД
304
оқылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Тоқтамыс ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 7,5 тонна шөп өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, оған дұрыстап су төгіп, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ,  деп атап өтті ведомстводан.

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.