Мысық асырау иесінің физикалық және психикалық денсаулығына жақсы әсер етеді.
Мысықтардың иесіне қандай пайдасы бар? Ғалымдар зерттеуі
Ашық дереккөз
5,649
оқылды

Мәліметтерге сенсек, көп жағдайда мысық иесі оларды отбасы мүшесі ретінде қабылдайтыны жазылған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Нидерландта 1 800 мысық иесі қатысқан зерттеуде олардың жартысы мысықтарын отбасының мүшесі деп санайтынын айтты. Әрбір үшінші адам өз мысығын баласы немесе ең жақын досы ретінде қарастырады. Жануарды адал, қолдау көрсететін және сезімтал деп есептеген", - делінген Medicalxpress порталында.

Мысық иесі жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу қаупін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар мысықтар адамның психологиялық күйіне оң әсер етеді. Депрессияда жүрген науқастарда мысықты сипау немесе ойнау аурудың белгілерін азайтатын көрінеді. 

Жалпы практика дәрігері Сергей Алендеев мысыққа және басқа үй жануарларына күтім жасау жауапкершілікті талап ететінін айтты.