Алматы қаласында газ құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Бұқар Жырау бульвары бір аптаға жабылатын болды.
Газ құбыры зақымданған: Алматыда негізгі көшелердің бірі бір аптаға жабылады
Intergas Central Asia
295
оқылды

Алматы әкімдігі 28 қазан сағат 09:00-ден 3 қараша сағат 19:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары бойынша Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір жолақ жабылатынын хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.

«Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы – 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт жерінен ақау анықталды», – деп хабарлады әкімдіктен.

Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.