Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың депутаттарға берген жауабында айтылған.
Келесі жылы онлайн несие берудің талаптары күшейеді
1,295
оқылды

Бұған дейін депутаттар Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке алаяқтардан қорғау үшін қарыз алушыларға қорғау тетіктерін күшейтуді сұрап, депутаттық сауал жолдаған. Ол нақты тетіктер қалай жұмыс істейтінін атап көрсеткен, – деп жазады Aikyn.kz.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты ЭЦҚ-ны да міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі. Сондай-ақ МҚҰ үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банк шотының немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі.

Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз тарапынан қорғаныстың мынадай әдістерін ұсынып отыр:

  • ЭЦҚ;
  • биометриялық сәйкестендіру;
  • хабар арқылы мобильдік құрылғының нөмірін тексеру;
  • парольмен қорғау әдістерін қолдану.

Бұл ретте банктер мен МҚҰ-ға тексерудің кемінде екі әдісін, биометрияны және ЭЦҚ-ны пайдалану қажеттілігі туралы талаптар белгіленген. Бұдан басқа, банктер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру барысында клиенттің мобильді нөміріне тексеру кодын жібереді.

Сонымен қоса, Агенттік банктерге онлайн кредиттер ресімдеген кезде өтінім берілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей оны мақұлдауға кеңес береді. Осылайша клиент өзіне алаяқтар мәжбүрлеп берген кредиттен бас тарта алатын «шешімді өзгерту» кезеңі енгізіледі.