«Қазгидромет» РМК 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қар, көктайғақ, жел: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
9,728
оқылды

«Қазгидромет» РМК 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтіліп отыр. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды»,  делінген синоптиктер болжамында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.