Республика күні құрметіне Маңғыстау облысында құрастырылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді.
Маңғыстауда әскери катер құрастырылды
286
оқылды

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күштердің контр-адмиралы Ратмир Камратов және әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.

Су жаңа катер теңіздегі мемлекет шек­ара­­сын, елдің біртұтастығын қорғауға қыз­мет етеді. Алғашқы болып сөйлеген Қор­­ғаныс министрінің орынбасары жауынгерлер катерін теңізге жіберу қазақ жұрты үшін қуанышты сәт екенін айтты. Он­ың сөзінше, Маңғыстауда жасалған катер өңірдің теңіз әлеуетінің қарқынды дамып жатқанын аңғартады. 

«Президент Жолдауында айтқандай, жаһандық әскери техника өндірісі дамыған мемлекеттердің ұлттық қорғаныс жүйесінде шешуші рөл ойнайды. Қазіргі заман – жаңа технология заманы. Бұл катер – От­ан­ымыздың инженерия саласының жоғары деңгейінің айқын дәлелі», – деді Сұлтан Қамалетдинов.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ұлттық мереке – Республика күні қарсаң­ында болып жатқан тарихи оқиғаның ғал­ым­дардың төккен тері мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ құрылыс индустриясын дамы­ту, тереңдету қажет деп бағыт-бағдар берген еді. Міне, нәтижесін, жемісін көр­іп отырмыз. Өңірімізде жасалған отан­дық өнім ел тыныштығын күзетіп, теңіз әскерлерінің нәтижелі қызмет етуіне көмектеседі. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға, мамандарға, құрылысшыларға көп рахмет айтамын. Азаматтар өздерінің шеберліктерін дәлелдеді, – деп әкім ризашылығын білдірді.

Жаңа катерді құрастырған «Кеме жаб­­дықтары және сервис» ЖШС-ның директоры Дмитрий Донскойдың айту­ынша, тек қо­р­ғаныс саласында емес, аза­мат­тарға ар­на­лған, туризм, транспорт бағытында, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын тех­ни­каларды да жасауға мүмкіндіктері бар.