Марқұм ауруханада жатып, халықтан дұға тілеуін өтінген.
"Басым айналып, құлап қала беремін": желіде Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы тарады
Фото: әлеуметтік желіден
2,166
оқылды

Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызының желіде өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Марқұм ауруханада жатып, халықтан дұға тілеуін өтінген. 

“Бүгін негізі тойға барамын деп шыққанмын. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады деген осы екен. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген соңғы сөзінде марқұм сазгер. 

Айта кетейік, кеше белгілі ақын, сазгер, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.