Әлем чемпионаты Тәжікстанның Душанбе қаласында өтті.
Алматылық полицей самбодан әлем чемпионы атанды
Фото: polisia.kz
1,015
оқылды

Алматылық полиция қызметкері самбодан әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25-27 қазан күндері Тәжікстанның Душанбе қаласында самбодан шеберлер арасында өткен әлем чемпионатында Алматы қалалық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Айбек Атажанов бірінші орын алды.

Жарысқа 50 елден өкілдер қатысты. Айбек Атажанов самбошылар арасында 79 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын медальді алды. Ал 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ ротасының командирі Ербол Байбосынов тамаша нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.