Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Алматы-Көктал тасжолында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
365
оқылды

Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды. Салдарынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 28 қазан күні болған.

LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі жолаушы 40 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.