Парижде өткен XXXIII жазғы олимпиаданың чемпионы Елдос Сметов аудан имамына умраға жолдама сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ал жолдаманы "Өнер қырандары" театрының актері, қайырымдылық қорының мүшесі Мадияр Серікбаев табыстады.
– Елдос Сметов аманаттап берген умра сапары Абай облысы Бородулиха ауданының имамы Нұрғазы ағамызға табысталды, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, Елдос Сметов ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарында Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа сертификат табыстап, мұқтаж жанға бұйырсын деген еді.