Әнші Мақпал Жүнісова қайтыс болған белгілі сазгер Құрманай Бақтиярқызына әсерлі жазба арнады.
"Халқыңа берерің көп еді": Мақпал Жүнісова Құрманай Бақтиярқызына әсерлі жазба арнады
Фото: әлеуметтік желіден
3,374
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова қайтыс болған белгілі сазгер Құрманай Бақтиярқызына әсерлі жазба арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақпал Жүнісова қаралы хабарды естіген бойда Шымкент қаласына жол тартып, Құрманай Бақтиярқызының жаназасына қатысып қайтқан. 

"Шымкентке келіп, Құрманайжанмен қоштастық. Жаның жәннатта болсын, топырағың торқа болсын! Әлі еліңе, отбасыңа, ата-анаңа, халқыңа берерің көп еді. Арманың да зор еді, амал қанша...", – деп жазды өнер иесі әлеуметтік желіде. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.