Ол оқуының ақысын өтеу үшін осындай әрекетке барған.
Өскеменде 20 жастағы жігіт оқу ақысын төлеу үшін жанармай бекетін тонаған
Фото: pixabay.com
445
оқылды

Өскеменде электр арамен жанармай құю бекетіндегі кассаны тонамақ болған 20 жастағы жігіт үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол оқуының ақысын өтеу үшін осындай әрекетке барған. 

Күзетші жігітке қарсыласып, қолына түскен темір банкаларды лақтыра бастаған. Олардың бірі шынжырлы араға түсіп, cалдарынан құрылғы тоқтап қалған.

Кейін жігіттің қолындағы құралын тартып алып, полицияға тапсырылды. Жігіт бұл қылмысқа университеттегі оқу ақысын төлеу үшін барғанын айтты. Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

“Сот осы қылмыстық іске жаза түрін анықтау кезінде қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың болмауы, кінәні мойындау және шын жүректен өкінуін ескеріп үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.