«AMANAT» партиясы Қызылорда облыс­тық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Мемлекеттік басқару академиясы филиалында облыстық мәслихат депутаттарына «Партия қызметін жүргізудегі мәслихат депутаттарының рөлі мен маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.
Мәслихат депутаттарына семинар өтті
674
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық орнатудың маңыз­дылығын атап өткен болатын. 

Бұл орайда «AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарда өзінің депутаттық фракцияларын жасақтап, фракция мүшелерінің біліктілігін жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру бағытында партияның қоғамдық саясат институтымен түрлі оқу семинарлар ұйымдастырып келеді. Мұндай оқу семинары бұған дейін де ұйымдастырылып, халық қалаулылары біліктілігін арттырған болатын. Бүгінгі оқу жұмыстары соның жалғасы десек болады. 

Кездесуде мәслихат депутаттары тақырып төңірегінде ой-пікірлерін айтып, жалпы жұмысты жетілдірудегі ұсыныс­тарымен бөлісті.

Әсет ҚАЛИ