Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге үнемделген бюджет қаржысы сыйақы түрінде берілмейді. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.
Мемлекеттік сыйақы қысқарады
259
оқылды

«Біз қазынашылық тарапынан Қаржы министрлігіне сыйақы ретінде шоттар ішіндегі қаражатты аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдарда қаржы үнемделсе, оны сыйақыға аудара алмайды», – деді Мәди Такиев.

Министрдің айтуынша, үнемделген қаржы бюджетке қайтарылады.

«Біз сыйақы түрінде аударуға болатын 112-ші кодты жауып тастадық», – деп толықтырды М. Такиев.

Айта кетейік, Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр.