«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Мәжілісте өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен басымдықтарына жан-жақты тоқталып, белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуының қатаң қадағалауда болатынын айтты.
Міндет көп, мақсат – айқын
235
оқылды

Бұл жолғы стратегиялық құжаттың та­қырыбы – «Әділетті Қазақстан: заң мен тәр­­тіп, экономикалық өсім, қоғамдық опти­мизм». Айқындалған 9 міндеттің әр­қай­сысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды.

– Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақ­стан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизим» атты Қазақстан ха­л­қына Жолдауында негізгі 9 бағытты ай­қын­дап берді десек, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға бәріміз жұмыла атсалысуға тиіспіз. Президент айқындап берген бағыттар әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етеді. Мемлекет басшысы балаларды құмар ойынға тартқандарға және кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жазаның күшей­тілгенін ескертті. Сондықтан Білім басқар­масы, аудан, қала әкімдері және Полиция департаментімен бірлесе отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдау қажет, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі Жолдауда қай бағыттарға басымдық берілгеніне де тоқталды.

– Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою бойынша Жолдаудың бірінші бағытында қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын атап өтті. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешілмегенін ескертті. Үкімет пен Ұлттық банкке оңтайлы шешімдер қа­былдауды тапсырды. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруымыз керек. Соны­мен қатар экономикамыздың көлемін арттыруды және өңіріміздің жалпы ішкі өнімін өсіруді тапсырды. Бюджетті тиімді игеру және бөлу тәртібі, салық саясатының тиімділігін арттыру – біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау жасауды тапсырды. Осы бағытта салық саласын жетілдіруіміз қажет. Бұл бағытта аудан, қала әкімдері, Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, нәтижелі жұмыс жүргізуді тап­сырамын. Салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Жолдаудың екінші бағытында Президентіміз инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдай жас­ауды, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеуді тапсырды. Жергілікті әкімдердің инвестор тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының төмендігін атап өтті. Аймаққа жеке инвестиция тарту – әкімдердің ең басты міндеті. Әр аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына инвестиция тарту бойынша бекітілген іс-шара жоспары­ның орындалуын қамтамасыз етуді тапсыра­мын. Инвестиция тартпаған аудан, қала әкім­дері, басқарма басшылары бойынша кадр­лық шешім қабылданатынын ескертемін, – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ облыс әкімі Мемлекет бас­шы­сының агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне көшуді тапсырғанын атады.

– Осы орайда Мемлекет басшысы мемлекеттен субсидия алу үшін заңсыздық фак­тілері болатынын атап өтті. Басқарма басшысына мемлекеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тапсырамын. Субсидия бөлуді ашық түрде заңды құқықтардың бұзылмауын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар Жолдауда көрсетілгендей, ауыл шаруа­шылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау. Облыста жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртумен қатар, жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек. Облыстағы пайдалы қазбаларды пайдалану үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешіп, құрылыс сапасына жасалатын бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырамын, – деді өңір басшысы.

Айқындалған жаңа міндеттерді түсіндірген басшысы облыс жұртшылығы тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауы үлкен қол­дауға ие болғанын айтты. Жолдауда ай­қындалған әр бағыт бойынша жауапты басшылар нақты тапсырмалар алды. Өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруды, Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алуды және бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беруді, тұрғындарға медициналық нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жеке инвесторларды тартып, жеке медициналық нысандарды салу жұмыстарын күшейтуді, спорт саласын дамытуды, эко­логиялық ахуалды жақсартуды, Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыруды, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды күшейтіп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Назгүл НАЗАРБЕК