Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.
Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген
Фото: istockphoto.com
349
оқылды

 Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы  ("аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сараланды.

Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.