Жалға берілетін тұрғын үй бағасы, әсіресе солтүстік өңірлерде арзандады.
Қазақстанда жалдамалы пәтердің бағасы арзандады
553
оқылды

2024 жылдың қазан айында жалдамалы тұрғын үй бағасы қыркүйектегі бағамен салыстырғанда шамамен 2%-ға арзандады. Тіпті, бірнеше қалада үй жалдау құны 6-10%-ға дейін төмендеген. Ал Алматы қаласы бойынша жалдамалы құны тек 1%-ға арзандаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің облыс орталықтарында, әсіресе солтүстікте жалға берілетін тұрғын үй арзандады. Мәселен, Петропавлда бағаның төмендеуі шамамен 9%-ды құрады (бүгінде "бір бөлмелі пәтерді" айына 100 мың теңгеге алуға болады), ал Павлодарда бағалар 8%-ға төмендеді (айына 1 бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы –110 мың теңге).

Астана мен Шымкентте бағаның 3-4%-ға төмендеуі тіркелді. Мәселен, елордада Бейбітшілік және келісім сарайы маңынан 1 бөлмелі пәтерді 170 мың теңгеге жалға алуға болады, Шымкентте әл-Фараби ауданында "бір бөлмелі пәтерді" жалға алу 150 мың теңгені құрайды.

Алматыға келетін болсақ, баға құбылмалы. "Самал" шағынауданында бір бөлмелі пәтерді айына 350 мың теңгеге жалға алуға болады, ал Алатау ауданында 100 мың теңгеге тұруға болады. Алматыда жалпы төмендеу қыркүйек айымен салыстырғанда шамамен 1%-ды құрады.

Қазақстандағы қалалар бойынша ТV, Wi-Fi және жиһазы бар 1 бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа бағасы:

Ақтау – 120 000   теңге

Ақтөбе – 140 000   теңге

Атырау – 140 000   теңге

Қарағанды – 130 000   теңге

Қостанай – 130 000   теңге

Орал – 130 000 теңге

Өскемен – 120 000  теңге

Көкшетау – 130 000  теңге

Қонаев – 120 000   теңге.