Әнші баламен үйде отырғанда бәрі тыныш болғанын, алайда қазір сахнаға қайта оралғанда күйеуі қызғанып жүргенін жасырмады.
«Қатты қызғанады»: Зарина Омарова күйеуі туралы айтты
Фото: instagram.com/zarina_omarova_official
1,118
оқылды

Әнші Зарина Омарова “Мамский әңгіме” подкастында күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші бұрын жігіттерге деген талабы көп болғанын атап өтті.

“Әке-шешем өзінің таныс, достарымен құда болғысы келді. Бірі депутат, бірі  министр болатын. Менің жолдасым учаскелік полиция қызметкері еді. Менен екі жас кіші. Ата-анам қарсы болса да, сол жігітке тұрмысқа шықтым. Бала күнімнен жоқшылық көрмедім. Бірақ жігітім бір айлыққа қарап отырған отбасынан еді. “Қымбат үй, машина болашақта болады. Қазір мен әке-шешемнің үйінде тұрып жатырмын. Егер келіссең, үйленейік” деді. Мен қарсы болмадым. Жігіттерге деген талабым өте қатты биік болды. Ең бастысы, менің миыма қатты құйылып қойған бір нәрсе бар. Мен – Марат Омаровтың қызымын. Мен ешқашан әкемді жерге қаратпауым керек. Мен тәрбиелі, өнегелі жанұядан шыққан қызбын. Сондықтан дұрыс жүруім керек. Ең басты ойым осы болды", – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Әнші баламен үйде отырғанда бәрі тыныш болғанын, алайда қазір сахнаға қайта оралғанда күйеуі қызғанып жүргенін жасырмады.

«Үйде отырғанда бәрі күшті болды. Енем де жақсы адам болып кезікті. Сахнаға оралған соң қызғаныш деген басталды. Қазір тіпті қатты қызғанады. Тұтқаны көтермесем, бітті. "Қасыңда кім бар? Қасыңда не бар?" деген сұрақтар кететін. Менімен сөйлеспей қоятын. "Хабар" арнасының бір сериалына түстім. Түсірілім кезінде телефоныма қоңырау түсті. Жолдасым ашулы екен. "Үйде тамақ істелінбеген, керек емес сериалың да, басқасы да, не болып кетті мына үй?" деп ұрысты. Мен барынша түсіндіруге тырыстым. Бірақ түсінгісі келмеді. Түсірілім алаңындағы режиссерге тұтқаны беруімді сұрады. Мені ұятқа қалдырмауын өтіндім. "Онда тұрған не бар? Мен сенің күйеуіңмін. Не деген бітпейтін түсірілімдер? Қашанға дейін болатынын сұраймын" деді. Режиссермен сөйлесті. Ол жолдасыма бәрін түсіндірді. Бірақ шок болып қалды. Режиссерге жолдасымның қызғанышы бар екенін айттым», – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.