Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.
Президент Талғар оқиғасынан кейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығын қабылдады
Фото: Ақорда
665
оқылды

Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, Талғардағы қайғылы оқиғадан кейін Алматы облысында жоғары лауазымды бес полицей қызметінен босатылып, Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.