Шымкенттегі «Достық үйін­­­де» қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келі­сім» коммуналдық мем­ле­кеттік мекемесінің ұйым­дастыруымен осындай та­қы­­рыпта фестиваль өтті.
Ұлттық киім – ұрпаққа мұра
546
оқылды

Мем­­лекет басшысы Қ.Тоқаев: «Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орын­дары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңей­те түскен жөн», – деп атап көр­сеткен болатын. 

Осы бағытта Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеясының «Қа­зақ­­тану» жобасы аясындағы іс-шараның мақсаты – ұлт­тық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айна­лысатын ше­бер­лердің бұйымдарын дә­ріп­­теу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбие­леу.

Фестиваль аясында жер­гі­лік­ті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар қойылған көрме ұйымдастырылып, «Достық үйінің» үлкен залында этно стильдік және заманауи сән­дік киім үлгілерінің көрсе­тілімі өтті.

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жө­нін­дегі басқармасының бас­шысы Айгерім Жұмағұлова, қала­лық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұр­кен Әлімқұлов қатысып, ұлт мәдениеті мен ұлттық құнды­лық­тарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлерін құттық­тады.

– Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зер­герлік бұйымдар жа­саумен айна­лысатын шым­­кенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туын­дыларын дәртіптеу ар­қы­лы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын наси­хаттау, – деді басқарма басшысы. 

Ал таяуда ғана Халықара­лық дең­гейде өткен фес­ти­вальде жүлделі 1-орын­ды иеленген сәнгер Марат Ерім­­бетов ұлттық киімдерді әлемдік деңгейде танытуды көздейді. «Сән әлемі үнемі жаңарып отырады. Тек денені жабу үшін ғана емес, қазақта сырт киім арқылы астарлы, ойлы сөздерді жеткізетін болған. Бүгінгі фестивальге 2 топтама алып келдім. Бірі ұлттық киімдерді этностильде жаң­ғырту болса, келесі за­ман­ауи стильді қамтыды», – деп атап өтті Марат Ерім­бетов.

Фестиваль барысында қа­зақ­тың ұлттық киімдерінің этностильдік және заманауи үлгілері бойынша Ө.Жәні­беков атындағы Оңтүстік Қазақ­стан мемлекеттік педа­гогика­лық универ­ситеті «Ақ баян» сән театрының топ­тамасы, А.Исмаилов атын­дағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетек­ші­лік ететін «Ару аналар» топ­тамасы №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис кол­леджінің топ­­тамасы, Ә.Қастеев атын­да­ғы өнер және дизайн кол­леджінің «Асыл мұра» топ­­тамасы, Б.Жетібаева же­­­тек­­шілік ететін «Асыл мұра» топ­тамасы және Орталық Азия инно­вациялық уни­вер­ситеті «Сән» топ­тамасын жұрт­шылық назарына ұсын­ды.

Өз кезегінде кәсіби ма­ман­дардан жасақталған қа­зы­­­лар алқасы фестиваль қо­рытындысы бойынша үз­дік деп танылған жеңімпаз­дарды анықтап, арнайы дип­лом­дармен және естелік сый­­лық­тармен марапаттады.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы