Бүгін Премьер-Министрдің қатысуымен инвесторлар форумы өтті. Онда «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова келісімге қол қойды.
Министр мүгедектігі бар жандарға арналған баспана бағдарламасы іске асатынын мәлімдеді
kn.kz
324
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банк» тағы бір жаңа бағдарламаны іске қосатынын айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл жобаға 70 млрд доллар тартылады. Сол арқылы жаңа бағдарламалар енгізіледі.

"Отбасы банк басшысы бұл жөнінде маған келіп жеке айтты. III топтағы мүгедектер болсын, көпбалалы ана болсын, жалғызбасты аналар болсын, оларға жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан оларды күтемін",  деді министр Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Министр бүгінде елімізде 70 мыңнан астам мүгедек  баспанаға мұқтаж екенін де мәлімдеді.