Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласындағы кадр тапшылығына қатысты жағдайды баяндады.
Анестезиолог-реаниматолог, хирург, офтальмолог: Қазақстанда қандай дәрігерлер жетіспейді
profsouzsenim.kz
303
оқылды

Ведомствоның мәліметінше, елімізде анестезиолог-реаниматологтер (306), хирургтер (210), офтальмологтер (112), отоларингологтер (83), ангиохирургтер (44), акушер-гинекологтер (253) және неонатологтер (87) жетіспейді, - деп жазады Aikyn.kz

Астана (702 дәрігер), Алматы (497 дәрігер), Шымкент (234 дәрігер) қалаларында дәрігерлерге сұраныс жоғары.

«Ауылдық елді мекендер деңгейінде медицина қызметкерлеріне ең жоғары сұраныс Ақмола (116 дәрігер), Түркістан (135 дәрігер) және Батыс Қазақстан облысында (89 дәрігер) байқалады», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Министрлік өкілі мұны қазіргі уақытта медициналық университет түлектерінің үштен біріне жуығы нақты бағыттар бойынша жұмыс істегісі келмейтінімен, одан қайта өз қалауларымен жеке медициналық ұйымдарға баруды қолай көріп жатқанымен түсіндірді.

Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқыту мен жергілікті бюджет есебінен кадрларды даярлау арасында үйлестіру жоқ, бұл медицина қызметкерлерін тиімді жоспарлауға әсер етеді.