Бұл туралы дінтанушы өзінің Instagram парақшасындағы шағын видеода айтып өтті.
Тазабеков: Денсаулығы дұрыс, қаржылық жағдайы жеткілікті адамдардың үйленбей жүруі – күнә
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
670
оқылды

Белгілі айтыскер, дінтанушы, өзін соңғы кезде медиа-менеджер санап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрген адамдарға қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша, денсаулығы дұрыс, қаржылық жағдайы жеткілікті, басы бос адамдардың үйленбей жүруі – күнә.

“Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә. Себебі ғұламалардан қалған “Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар” деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз”,  дейді дінтанушы.

Сондай-ақ ол кімдердің “екі жарты – бір бүтін” болғанша сабырмен күте тұруы керектігін де айтып өтті. 

“Ал енді жағдайыңыз жартылай болса, сәл сабырмен күтуге тура келеді. Ал үйленуге денсаулығыңыз мүлдем жарамаса, бір адамның тағдырын қор қылатындай болсаңыз, онда сабыр қылып, Алладан сұрап, денсаулығыңыз түзелгенше, біреуді асырауға мүмкіншілігіңіз жеткенше сабыр қыласыз",  дейді Мұхамеджан Тазабек.