Ол қызының анасына JAC маркалы көлігін және Астана қаласынан пәтер сыйлады.
Блогер Дархан Жолшыбеков қызына көлік пен пәтер сыйлады
Фото: видеодан кадр
8,496
оқылды

Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол қызының анасына JAC маркалы көлігін және Астана қаласынан пәтер сыйлады. Сонымен қатар қыздың еміне қомақты қаржы табыстады. Бұл туралы Дархан Жолшыбеков өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Айта кетейік, блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екені белгілі болды. Бұл туралы қыздың анасы "Көреміз" бағдарламасына келіп, жанайқайын жеткізді. Ол қызының сырқаты бар екенін, ал әкесі небәрі 15 мың теңге алимент төлейтінін айтқан еді.

Бағдарлама жұргізушісі, журналист Рустан Өтепбай Айдана мен Айшаға біз екі бағдарлама арнағанын, бүгінгі жаңалыққа қуанышты екенін жеткізді.

«Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков төрт жылдан кейін, өзінің тұңғыш қызы Айшамен кездесіпті. Айдана мен Айшаға біз екі бағдарлама арнадық. Екі бірдей бағдарламада төбе көрсетпеген блогер бір жылдан кейін ес жинап Айшаға барған екен. Эфирде айтқанымдай, блогер қызының жағдайын жасап, ем-домына қаржылай көмектесіп, алименттің ақшасын арттырса болғаны. Айдана мен төрт жасар Айшаға бақытты, баянды өмір тілейміз. ...Біздің еңбек еш кетпеді! Дархан Жолшыбеков қызының анасына қомақты қаражат, жаңа автокөлік пен баспананың кілтін сыйлады», - деп жазды журналист.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.