Зертеушілер какао жүрек пен қан тамырларына пайдалы, қандағы глюкозаның жоғары деңгейімен күресуге көмектеседі деген қорытындыға келген.
Ғалымдар қысым мен холестеринді төмендететін сусынды  атады
Фото:depositphotos.com
443
оқылды

Бразилияның  Сан-Паулу қаласындағы университет ғалымдары какаоның адам ағзасына әсерін зерттеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Доктор Питер" порталының жазуынша, зерттеуге 1986 адам қатысқан. 31 талдау жасалған.

"Үнемі какао ішкен адамдарда ғалымдар холестериннің төмендегенін, тығыздығы төмен липопротеиндерді байқаған", - делінген материалда.

Сонымен қатар адамдардың аш қарында глюкоза көрсеткіші жақсарып, қысым төмендеген.

Зерттеушілер какао жүрек пен қан тамырларына пайдалы, қандағы глюкозаның жоғары деңгейімен күресуге көмектеседі деген қорытындыға келген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.