17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Ливаннан 41 адам Қазақстанға жеткізілді
1,038
оқылды

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Ливанда тұратын қазақстандықтар елімізге аман-есен жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды" – делінген СІМ ақпаратында.

Аталған операция Ыстамбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.