Сібір жарасы – бұл ауыл шаруашылығы жануарларына және жабайы аңдарға, сондай-ақ адамдарға әсер ететін аса қауіпті инфекциялық ауру.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы сібір жарасы туралы мәліметті жариялады
1,872
оқылды

Қазақстанда 2024 жылдың соңғы 10 айында малдың сібір жарасымен сырқаттануы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе азайған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл барлығы 17 жағдай тіркелді.

Сібір жарасы – бұл ауыл шаруашылығы жануарларына және жабайы аңдарға, сондай-ақ адамдарға әсер ететін аса қауіпті инфекциялық ауру. Ауру көбіне ауыр өтеді және өлімге әкелуі мүмкін. Ол септикалық, ішек және өкпе түрін қоса алғанда, теріге жара күйінде ұласуы ықтимал. Сібір жарасының қоздырғышы – топырақта жылдар бойы сақталған сібір жарасы микробынан бастау алған. Инфекция малдың сол жердегі шөпті жеуімен ағзаға өтіп, олардың етімен халыққа тарай бастаған. 

«Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, бірақ көбінесе симптомдар инфекциядан кейін 3-6 күннен кейін пайда болады. Оларға жалпы әлсіздік, жоғары температура, лимфа түйіндерінің ісінуі және жүрек соғуының жиілей түседі. Адам сібір жарасы ауруымен ауыратын жануарлардан жұқтыруы мүмкін», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.

Инфекция жануарларға күтім жасау, сою, етті өңдеу кезінде, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерімен - тері, мех бұйымдары, жүн, қылшықтарын өндеу кезінде жұғуы мүмкін. Бұл жағдайда споралар жылдар бойы, соның ішінде топырақта да сақталуы мүмкін. Жермен байланыс арқылы споралар терідегі микрожарақаттарға түседі, бұл сібір жарасының тері түрінің дамуына әкеледі.

«Тері түрі - сібір жарасының барлық жағдайдың басым көпшілігі (98-99 %). Аурудың карбункулозды түрі жиі кездеседі, оның айналасында қызыл түсті айқын қабынған шеңбер түріндегі қара, ауыртпалықсыз тығыз қотыр пайда болады. Сібір жарасының алдын алу үшін жеке ауыл шаруашылығы малы бар адамдар жеке гигиена шараларын сақтауы, жануарларды вакцинациялауы, ветеринариялық куәландырусыз ауру (өлген) жануарларды өз бетінше союды ұйымдастырмауы қажет», – деп ҰҚДСО-да ұсынымдар берді.

Ет және ет өнімдерін санитариялық-ветеринариялық бақылау жоқ белгісіз жерлерде сауда жасайтын жеке тұлғалардан сатып алуға болмайды. Базарларда ет сатып алу кезінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын «ветеринариялық қорытынды» талап етілуі керек. Мал шаруашылығы шикізатын өңдеумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар жеке гигиена және алдын алу шараларын сақтауы қажет.
Бұл қауіпті инфекцияның алдын алудың маңызды шарасы – жануарларды вакцинациялау.

Ет комбинаттарының қызметкерлеріне, ветеринариялық қызметкерлерге, сібір жарасының қоздырғышымен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлеріне вакцинамен профилактикалық екпе алуы қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.