Олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды
316
оқылды

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы және Жетісу мен Шымкент облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары сотталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н.Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М.Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б.Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

- Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сондай-ақ Б.Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп, билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды. 

Сонымен бірге аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, - делінген Антикор таратқан ресми ақпаратта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.