Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Жел күшейіп, бұрқасын соғады: 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
704
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, кей өңірлерде оның арты қарға ұласады. Сонымен қатар көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Қазақстанның батысында қатты жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр, оңтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Республикамыз бойынша тұман, желдің күшеюі ортақ табиғи құбылыс ретінде сипат алады, ал батыста жаяу бұрқасын жүреді.

Күндіз елдің батысында, Маңғыстау облысының орталығында секундына 30 метр немесе одан да көп жылдамдықпен қатты жел соғады.