Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Нар тұлға
123
оқылды

 

Бүркеншік аты: Shiraili.kiz

 

Нар тұлға

(С.Сейфуллинге)

 

«Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды».

– С.Сейфуллин

 

Майданы ма тозақтың?

Вагонында азаптың.

Шыдаған не бір күндерге,

Астында жатып мазақтың.

Ақыны еді арқалы,

Сәкені мәңгі қазақтың!

 

Рухының оты сөнбеген,

Ғасырлар өтті, өлмеген.

Өрімдей жаста жалынды,

Өміршең өлең, жырменен.

Оятып елдің намысын,

Жүрегі соққан елменен.

 

Сегіз жүз шақырым шарлады,

Қашқанда «Колчак»түрмеден.

Қалмады қазақ елі үшін,

Азабы басқа көрмеген.

Сындырды тісін аямай,

Қалмады таяқ жемеген.

 

Ерлігің ерге дарысын,

Жыр жаздың елдің қамы үшін.

Маңдайға біткен жарқырап,

Қазақтың бағы, нарысың.

Тірілткен ойлы сөздермен,

Ерекше үнің, дауысың.

 

Өрлігі басым бойында,

Алашым деген арысым,

Жырламай сені өткенім,

Ақындығыма тағы сын.

Ұранын салған  ұлты ойлап,

Қорғаны қазақ, тауысың.

 

Шыр етіп туған жаныңа,

Қылыштан тамған қаныңа.

Күйіктен кеткен өртеніп,

Жастығың батты жаныма.

Таңданып тұрып, бас идім

Сынбаған сазгер сағына.

 

Өлеңге, жырға жақынмын.

Алладан менде ақынмын.

Тарихын толғап өткеннің,

Бағасын ұқтым асылдың.

Ұрпағы біздер ұлы елдің,

Жиырма бірінші ғасырдың.

 

Перзенті біздер қазақтың,

Байлығым шүкір, азатпын.

Ата заң берген еркіндік,

Тәуелсіздігім ғажап күн.

Тәубе етем кейбір елдерге,

Қарасам алда, озатпын.

 

Толқыған тұла бойымда,

Тарихы тұнған ойымда.

Күн кештім өмір алаңсыз,

Қазақтың жиын, тойында.

Ойнадым, өстім алаңсыз,

Жайықтың самал бойында.

 

Еңбегі ерен ел үшін,

Қазына байлық, кенісің.

Ет жүрегің езілген,

Елім деген ерісің.

Кеңсе тілін қазақша,

Қылу еді жеңісің.

 

Ана тілге құрметің,

Төгіп кеткен жемісің.

Сәкен тұлға,Сәкен жыр,

Сегіз қырлы серісің.

Намысы биік  нар тұлға,

Мақтанышымсың мен үшін!

 

Жатсаңда ұлдан айырылып,

Жылады жарың қайғырып.

Ұрпағың үшін күрестің,

Жиғаның бізге жайлылық.

Қазақтың ашық аспаны,

Көгінде күн мен ай күліп.

Ұрпағың шапқан алаңсыз,

Жердегі жүйрік сәйгүлік.