Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта жүлдегер атанды

WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирі Венгрияның Сомбатхей қаласында өтті.

11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді. Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберді.