Оны желі қолданушылары әлдебір видеодан соң, порнофильмге қатысы бар деп айыптаған болатын.
Ол - мен емес: Танымал блогер Сабина Мовлаева көпшіліктің айыптауына тағы жауап берді
Фото: Видеодан алынған кадр
1,036
оқылды

Блогер Сабина Мовлаева белгісіз қыздың интимді видеосынан кейін өзіне нақақтан-нақақ жала жабылғанын мәлімдеді, деп жазады Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде Сабинаға ұқсайтын қыздың интимді видеосы тарады. 1 миллионнан астам оқырманы бар блогер сол видеоға қатысты жекесіне толассыз хаттар келіп жатқанын айтты. Сабина видеодағы қыздың өзі емес екенін дәлелдей алмай әлек.

“Қанша рет айттым, видеодағы қыз мен емеспін. Адамдар мазақ етуін тоқтатар емес. Бұл менің намысыма тиеді. Екі апта бұрын Наурызбай аудандық Ішкі істер басқармасына арыз жаздым. Адамдардың маған жазған ерсі хаттарын скрин жасап, соларға бердім. Бірақ полиция әлі ол адамдармен сөйлеспепті. Олар әлі ұсталмаған. Сол себепті алаңдаулымын. Бұл істі өзім қолыма алмасам, жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Сіздер бұл видеоның соңы неге апарып соғатынын білмейсіздер. Бұл менің болашағыма әсер етеді. Ар-намысыма тиеді. Мен – анамын. Неге олай етесіздер? Бұл видеоны менің қызым көрсе, не болады”, – дейді ашынған блогер. 

Алматы қаласының Полиция департаменті блогердің ар-намысына тиген адамдардың ұсталмауына қатысты пікір білдірді.

“Бұл жағдайға байланысты жеке өмірге қолсұғылмаушылық пен жеке деректерді қорғауға қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің объективті мән-жайларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген полицияның NewTimes порталына берген жауабында.