Жалғызбасты әке жақында әйелі қатерлі дерттен көз жұмғанын айтты.
Бетперде таққан жігіт жалғызбасты әкенің барлық қарызын жауып, баспана сыйлады (Видео)
Фото: видеодан кадр
5,252
оқылды

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал болған бетперделі жігіт жалғызбасты әкеге қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалғызбасты әке жақында әйелі қатерлі дерттен көз жұмғанын айтты. Ол әйелінің еміне қанша қарыз алып, аман алып қалуға тырысқанымен, қолынан келмегенін айтып, көзіне жас алды. Бүгінде кәмелет жасқа толмаған екі баласы тігін шеберханасында жұмыс істеп жүр. Ал өзі lll топ мүгедегі болғанына қарамастан, қоқыс жинап, еңбек етеді.

"Дәрігерлер әйелімнің екі төсін де алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға баттым. Әйелімді ажалдан арашалай алмадым. Оны қатты жақсы көргенімді енді түсініп жатырмын. Олсыз үйіміз қаңырап қалды", - дейді жалғызбасты әке. 

Қара бетперде таққан қайырымды жан жалғызбасты әкеге үй сыйлап қана қоймай, ақша ұсынып, барлық қарызын жауып берді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.