№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Шығыс Қазақстанда 5,8 миллион теңге жымқырған департамент қызметкерлері сотталды
Фото: nur.kz
379
оқылды

Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.