Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағи­датына көшті.Парламенттің рөлі мен мәртебесі күшейді. Нәтижесінде, Парламенттік мінберде халық пен биліктің алтын көпірі болған депутаттардың сөзі өтімді болды.
Парламент пәрмені...
229
оқылды

Парламент Мәжілісіне Түркістан облы­сынан сайланған Темір Қырықбаев жуырда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге мақта шаруашы­лығын дамыту және мақта бағасының тұрақсызды­ғына  қатысты депутаттық сауал жолдады. Онда қазір Түркістан өңірінде мақта шаруа­шылығында 25 мың агроқұрылым бар, онда Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сауран, Ор­дабасы, Арыс, Отырар, Бәйдібек, Келес аудан­дарының тұрғындары жұмыс істейді, яғни 70 мыңға жуық адам осы мақта арқылы күн көріп отыр. Елімізде тоқыма және тігін өнер­кәсібі дұрыс жолға қойыл­мағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспортқа тәу­елді болуда. Сол себепті Түркістан өңірінде мақта бағасының тұр­ақсыздығы егеменді­гімізді алған жыл­дан бері еш шешілмей кел­еді. Бұл мәселе бойынша диқандар Үкі­мет үйіне, Парламент қабырғасына, Ауыл шар­уашылық министрлігіне талай рет барды, алайда мәселенің шешімі табылар емес, екенін атап өтті Мәжіліс депутаты. 

Бүгінде  биржа индексі 84,5 бірлікті құрап отыр, теңге бағасына шаққанда тон­насы 238 мың теңгені құрайды. Мақта нарығына шетелдік компаниялардың (трей­дерлік) қызығушылықтарының төмен­дігінен, шитті мақтаны қабылдау бағасы биыл тоннасына 150-190 мың теңгеге бол­жам­далған. Мәселен, басқа мемлекеттерде өндірілген өнімнің сатыл­ым бағасындағы шығынның айырмашы­лығы мемлекет есе­бінен төленіп отыр. Осы тәжірибені біз­дің мемлекетімізде мақта дақылын өсіріп жинаумен айналыс­атын шаруаларға енгізіп, мақтаға жұмсал­ған шығынды мақта баға­сындағы айыр­машылығын мемлекет есебінен төлеп отыруды қол­данысқа енгізу қажет деп санайды Темір Базарбайұлы.     

Сонымен қатар Түркістан өңірінде мақта өңдеу зауыттары өндірістік шығын­дарды төмендетіп, өнімді сатып алу құн­ын ұлғайту бойынша Мақта өңдеу зау­ыттарына электр энергиясын көтерме бағада сату жөнінде өз ұсыныстарын білдіруде. Мақта зауыттары алдыңғы жылдары 1 квт пай­даланылған электр энер­гиясына – 27 теңге төлесе, 2024 жылдан бастап 1 квт – 37 теңге төлеп отыр. Көтерме бағаны пайдалану үшін орташа тәуліктік (базалық) қуаттың кем­інде 1 МВт көлемін тұтыну керек. Алайда облыстағы мақта өңдеу зауыттары мұндай көлемде электр энергиясын пайдаланба­ғандықтан, аталған жеңілдікті пайдалану мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан 1 МВт шек­тік норманы 0,5 МВт дейін төмендету керек шығар?! Тағы айта кететін жайт, Түркістан облысында қау­ын-қарбыз, қырық­қабат егіншілігімен айналысатын шар­уалар осы егуге жұ­м­сал­ған шығындарды өтей алмай жүр. Осы және мақта мәселесін тез арада шеш­песе, диқандардың күнкөріс деңгейі төмендеп кетуі әбден мүмкін екенін қадап айтты.

Темір Базарбайұлы өзі сайланған Түр­кістан облысына қатысты бұдан өзге де талай мәселенің түйінінің тарқатылуына себепші болды. Өзінің сайлауалды бағ­дарламасында қамтылған «Дарбаза–Сары­ағаш–Мақтаарал» теміржолының жобасы 2023 жылғы 25 қарашада бастау алды. Бүгінде жергілікті әкімдіктер учас­кілерді мем­лекет меншігіне  қайтару жұмыстарымен айналысуда. Жобаның құны – 286,9 млрд теңге, ұзындығы – 152,3 шақырым іске асырылу кезеңі 2023-2026 жылдар аралығы. Бұл жоба іске қосылғаннан кейін шамамен 10 млн тон­на қосымша жүк ағынын тартуға мүм­кіндік беретін болады.

Сонымен бірге республикалық маңызы бар А-15 «Жыззақ–Гагарин–Жетісай–Асықата–Қызыләскер–Сарыағаш–Жібек-жолы» 102 шақырым айналма  жолының құрылысын жүргізуге қазір оң қорытынды алу үшін жоба бойынша әзір­ленген техни­калық-экономикалық негіздеме «Мемсар­аптама» РМК-ға жіберілген. Құрылыстың құны шамамен 200 млрд тенгені құрайды. Құрылыс жұмыстары  2025 жылдан басталады деп жоспарлануда. Осынау екі күрделі құры­­лыс Темір Базарбайұлының тікелей бақы­­лауында жүзеге асып келеді. 

Бұл – ықпалды Парламенттің бір көрінісі.

Назгүл НАЗАРБЕК