Ауа райының қолайсыздығына байланысты жетінші қарашада 7-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Астана мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.