Патрульдік полицейлер Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз ресімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есепшоттарына аударған адамдарды ұстады.
Оралда студенттерді қорқытып, несие алдырған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz
358
оқылды

Орал қаласында полицейлер студенттерді қорқытып, ақшаларын иемденген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полицейлер Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз ресімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есепшоттарына аударған адамдарды ұстады.

Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді.

Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.