Бұл – бір отбасының оқиғасы ғана, ал IQanat жобасында мұндай мыңдаған оқиға бар.
Әкеден ерте айырылған екі оқушысы сапалы білім алып, анасына көмектесуді армандайды
2,039
оқылды

Батырбек пен Диас Жақсылық – Павлодар облысының шағын ғана Кемеңгер ауылында тұратын ағайындылар. Тағдырдың олардың отбасына дайындаған сынағы оңай болған жоқ: әкесі 2020 жылы жол апатында көз жұмып, анасы төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

«Менің жолдасым қайтыс болғанда, өмір тоқтап қалғандай көрінді. Бірақ, балаларыма қарап, солар үшін өмірді жалғастыруым керек екенін түсіндім. Күйеуімнің бейітінің басында отырып, ұлдарымды абыройлы азамат етіп өсіруге серт бердім. Меніңше, бұл ойым жүзеге асып келеді», – деп әңгімеледі балалардың анасы Альбина. 

Ағайындылардың үлкені – Батырбек екі жыл бұрын IQanat Олимпиадасына қатысып, өз білімінің арқасында Бурабайдағы IQanat мектебіне қабылданып, қазір толық пансионаттық жағдайда тегін оқып жатыр. Диас – 8-сынып оқушысы. Ол да ағасының жолын қуып, қазір IQanat Олимпиадасының І турына қатысуда. 

Батырбек пен Диас өмірде үлкен жетістіктерге жетуді – үздік білім алып, отбасы мен анасына көмек көрсетуді аңсайды. Бұл жолда Батырбек алғашқы қадамдарын сәтті жасады. Ол нақты ғылымдар бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп, болашақта инженер болуды жоспарлап отыр. Қазір ол ҰБТ мен халықаралық емтихандарға дайындалып, оқу үшін қазақстандық және шетелдік үздік университеттерді қарастыруда. 

«Біз екеуіміз де өзіміздің рөлімізді жақсы түсінеміз, болашақта отбасын асыраушы – бізбіз. Әке үмітін ақтағымыз келеді. Егер біз жақсы білім алып, жоғары оқу орнына грант жеңіп алсақ – осының өзі анамыздың арқасындағы ауыр салмақты жеңілдетер еді. Кейін жақсы жұмысқа тұрсақ – анамызды біздің отбасымызды асырау міндетінен мүлде босатар едік. Ал өмірден өз орнымызды тапқаннан кейін қайырымдылық қорын ашып, өзге балаларға көмектескіміз келеді. Сондықтан, мен өмірдің алғашқы кезеңдерінде қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін», – деді ағайындылардың үлкені Батырбек. 

Бұл – бір отбасының оқиғасы ғана, ал IQanat жобасында мұндай оқиғалар мыңдаған. 

IQanat – қазақстандық 160-тан астам кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы. Ол ауыл балаларына көптеген мүмкіндіктер сыйлап, олардың өмірін түбегейлі өзгертуге жол ашады. IQanat бағдарламасымен қамтылған балалардың 90%-ына жуығы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грантпен оқуға түседі. Бүгінде IQanat қатысушылары әлемнің 17 елінде білім алып жатыр. 

Таяуда IQanat Олимпиадасының І туры аяқталды. Оған біздің жас кейіпкеріміз – Диас Жақсылық та қатысқан болатын. Олимпиаданың бұл кезеңі бүкіл Қазақстан бойынша – еліміздің 170 ауданындағы 240 жерде өтті. Оған ауылдарда тұратын 51 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы қатысты. Ұйымдастыру жұмыстарына IQanat мектебінің 70 түлегі мен Олимпиаданың өткен жылдардағы финалистері болған, енді өз өңірлеріндегі жерлес балаларға көмектесуге ниет танытқан 900 айқанаттық волонтер ретінде атсалысты. І турда үздік нәтижеге қол жеткізген. 

10 мыңға жуық бала ІІ – облыстық турға қатысып, өз кезегінде Олимпиаданың 1000 финалисі анықталады. Олардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына қабылданып, барлық шығындары өтеледі. Финалистердің екінші тобы олимпиададан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына қатысып, оның аясында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындалады, ағылшын тілін оқып, өзге де дағдыларды меңгереді. 

Аталған жұмыстардың бәрі Батырбек пен Диас сынды балалардың өмірге алғашқы қадамдарын сәтті жасап, сапалы білім алуына бағытталған. Бұл – өте маңызды іс, өйткені, IQanat оқушыларының 70-80%-ы көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан.