Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Күшті жел салдарынан Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды
260
оқылды

Астананың бірнеше ауданында қатты желдің салдарынан жарық сөніп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-шығыс ықшам ауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сондай-ақ Алматы мен Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр. 

– Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды: 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника (АГП) және ДГҚ жұмылдырылды, – делінген ақпаратта.