Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.
Астанада тәртіп сақшылары өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды
Фото: tengrinews.kz
274
оқылды

Астана қаласында тәртіп сақшылары суицид жасамақ болған қыз баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Динабеков пен Дәулет Тұрғынов бар патрульдік полиция экипажы дереу жетті. Полицейлер бөлмеге 2-қабаттағы пандус арқылы кіруді ұйғарды.

Динабеков балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде өзін жарақаттаған тұрғынды көрді. Тәртіп сақшысы жас қызды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.