Сонымен қатар, абитуриенттер жатақханадан орын алу үшін де бірден өтініш бере алады.
Елімізде колледжге құжат тапсыру рәсімі жеңілдейді
1,494
оқылды

Енді колледжге түсуге қажет құжаттарды онлайн тапсыруға болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті басқармасының бас сарапшысы Нұршат Айтбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқу-ағарту министрлігі талапкерлердің колледжге құжат тапсыру процесін жеңілдететін жоба әзірледі.

- Енді құжат еGov.kz порталы арқылы тапсырылады. Бұл құжат тапсыруды жеңілдетіп, оны жылдамдатуға мүмкіндік береді, - деді Нұршат Айтбаева.

Сонымен қатар, абитуриенттер жатақханадан орын алу үшін де бірден өтініш бере алады.

- Колледжге түсуге құжатты тапсырған кезде бірден жатақханадан орын алуға өтініш толтырылады. Бұл жаңашылдық уақытты үнемдеп қана қоймай құжат тапсыруды барынша ашық және қолжетімді етеді. Жобаның толық мәтінін «Ашық НҚА» порталынан оқуға болады, - деді бас сарапшы.